Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 507 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 4040 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңына сәйкес, Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" Меркі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 112 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3061 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Меркі тынысы – Меркенский вестник" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Меркі ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Меркі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сүлейменов Мейіржан Шақманұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірбеков

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар

      көлігі және автомобиль

      жолдары басқармасының басшысы

      ______________Б. Жәнібеков

      "__" ____________________ 2018 жыл

  Меркі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "___"
_____________
№___ қаулысына қосымша

Меркі ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолдары

Индекс

Атауы

Ұзақтығы
(шақырым)

1.

КН-МК-1

"Аңдас Батыр - Гранитогорск" (0-9,7)

9,7

2.

КН-МК-2

"Сұрат ауылына кірме жол" (0-1,7)

1,7

3.

КН-МК-3

"Сұрат - Тескентоған" (0-4,7)

4,7

4.

КН-МК-4

"Ойтал – Қызыл Қыстақ" (0-18,6)

18,6

5.

КН-МК-5

"Меркі - Талдыбұлақ" (0-3,6)

3,6

6.

КН-МК-6

"Тұрлыбай батыр ауылына кірме жол" (0-6,1)

6,1

7.

КН-МК-7

"Ақтоған – Қазақ Дихан" (0-2,6)

2,6

8.

КН-МК-8

"Қостаған – Қызыл Сай " (0-9,3)

9,3

9.

КН-МК-9

"Қызыл Қыстақ – Арал Қыстақ" (0-3,3)

3,3

10.

КН-МК-10

"Беларық - Аспара" (0-28,6)

28,6

11.

КН-МК-11

"Жауғаш батыр ауылына кірме жол" (0-4)

4

12.

КН-МК-12

"Мыңқазан ауылына кірме жол" (0-0,4)

0,4

13.

КН-МК-13

"Тәтті - Ақжол" (0-2,1)

2,1

14.

КН-МК-14

"Ақкөз-қайнар ауылына кірме жол" (0-1,2)

1,2


Жалпы


95,9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады