Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылындағы 60 лет СССР көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 2-09/41 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3115 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Рысқұлов ауылдық округінің Интернациональный ауылындағы 60 лет СССР көшесінің атауы Шәріпбай Төкешұлы болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Бабалиеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Рысқұлов ауылдық
      округінің әкімі С. Есенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады