РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1. "Т. Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Т. Рысқулов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 18-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2035 болып тіркелген, 2013 жылдың 19 қарашасындағы) "Құлан таңы. Огни Кулана" газетінде жарияланған") келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың бірінші абзацы келесі басылымда жазылсын;
отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бес еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы адамдарға ай сайын 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 6 айға әр науқасқа айына 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, жергілкті өзін-өзі басқару мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
К. Арыстанбеков | Ш. Косалов |