Сарысу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 9-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 4 қарашада № 3207 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл облысы Сарысу ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту.1- тармақ жаңа редакцияда- Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Алып тасталды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 01.12.2022 № 35-3 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау – алтыншы шақырылған Сарысу аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Л. Мырзабеков С. Бегеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады