Талас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 442 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 5 желтоқсанда № 3240 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37, 38 баптарына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 266 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2298 болып тіркелген, 2014 жылдың 20 тамызында № 78 (9508) аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы, "Талас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 266 "Талас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы" Талас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 32 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген, 2015 жылдың 21 ақпандағы № 23 (9573) аудандық "Талас тынысы" газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету аудан әкімдігінің аппарат басшысы У.Б.Алтынкоповқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Рысмендиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады