"Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 31 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 ақпанда № 2943 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы №180 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 26.05.2017 № 180 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ержан Хыдырұлы Бегалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ә. Балқыбеков

  Шу ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "13" қаңтардағы
№ 31 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ішкі саясат саласында басшылықты және бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Президенттің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 081100, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би көшесі, № 242.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Бөлімнің қаржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Бөлімнің миссиясы:

      мемлекеттік саясатты және ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

      15. Міндеттері:

      1) қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процесстерді демократияландыру мен қоғамның бірігуін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруға қатысу;

      2) аудандағы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мемлекеттік ішкі саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің, бөлімінің құзіретіне қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларының жүзеге асырылу барысының орындалуын бақылау;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу;

      4) мемлекеттік ішкі саясат, сонымен бірге қоғамдық-саяси саланы насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және оларды жүзеге асыруға байланысты ауылдық округ әкімдерінің, басқа да мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;

      5) ішкі саясат аясындағы тұжырымдық негіздер мен нақты нұсқаулар, сондай-ақ азаматтық ұқсастық, Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;

      6) ауданда жүріп жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;

      7) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу;

      8) жастар саясатының мәселелері бойынша ауылдық округтер әкімдерінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру және бақылау;

      9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партияларымен, үкіметтік емес, қоғамдық-саяси, діни және жастар ұйымдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғам өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау:

      10) аудан деңгейнде тілдердің қолдануы мен дамуы, жастар саясаты және үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;

      11) аудан деңгейінде мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыру;

      12) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша қызметін үйлестіру.

      16. Функциялары:

      1) ішкі саясат процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу, ішкі саясат аясындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға, саяси партиялар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер қызметіне мониторинг, талдау мен болжауды ұйымдастыру, қоғамның ұсыныстарын және бірігіп нығайуын жасау, мемлекеттік тілді дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланыс және олардың мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызметін үйлестіру, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және насихаттау;

      2) ішкі саясат мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс және аудан әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету, тұжырымдамалық құжаттар әзірлеуге қатысу, бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, қаулыларының жобаларын әзірлеу және сараптау;

      3) бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша облыс әкімінің аппаратымен, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасымен және облыс әкімдігінің басқа басқармалары мен облыстық ведомствалармен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

      4) бөлім құзіретіне енетін мәселелер бойынша аудандық уәкілетті органдардың қызметін бақылау үйлестіруді қамтамасыз ету;

      5) жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени шаралардың өткізілуін саяси қамтамасыз ету;

      6) ауылдық округ әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының аудандық ішкі саясат мәселелері бойынша қызметін және ақпараттық-насихат жұмысының барысын үйлестіру және бақылау;

      7) ішкі саяси саладағы мемлекеттің саясатын белгілейтін тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу;

      8) саяси партиялармен, үкіметтік емес, құқық қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      9) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және аудандағы саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми-практикалық шараларды дайындау мен өткізуге қатысу;

      10) аудан әкімі аппаратының және аппарат құрылымдарымен бірлесе отырып бөлім құзіретіне енетін ұйымдастырушылық әдістемелік жұмысты орындау;

      11) жастар саясаты саласындағы тілдердің қолдануы мен дамуы және бөлім құзіретіне енетін басқа да бағыттар бойынша аудандық бағдарламалар әзірлеуге, жүзеге асыруға қатысу;

      12) мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруды мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аудандағы ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

      13) жастармен жұмыстың прогрессивтік нысандары мен әдістерін зерделеу және қорыту, жастар саясатының негізгі мәселелері мен бағыттары, қоғамдық саяси бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау бойынша жергілікті үкімет органдарының құрылымдары үшін әдістемелік материалдар және ұсыныстар әзірлеу;

      14) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      15) аудандағы діни ахуалға зерделеу және талдау жүргізу;

      16) құқық қорғау органдарына "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      17) жеке және заңды тұлғалардың "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңын бұзылушылықтарға қатысты өтініштерін қарау;

      18) жергілікті деңгейде өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      19) діни әдебиетті және мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) белгіленген тәртіпте ауылдық округ әкімдерінен, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік емес мекемелерден, қоғамдық және өзге ұйымдардан, азаматтардан өзінің функцияларын орындау үшін қажет ақпаратты сұрауға. Бөлімнің құзіретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, жобаларды әзірлеу, экспертизалар, зерттеулер сұрақнамалар өткізуге сәйкес ұсыныстарын өндіру үшін уақытша жұмысшы топтарын құруға;

      2) аудан, ауылдық округ әкіміне ішкі саясат аясындағы мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге, бөлімнің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-сараптамалық және өзге материалдардың дайындығын жүзеге асыруға;

      3) орталық, облыстық және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін шараларға қатысуға;

      4) ішкі саясат мәселелері бойынша ауылдық округтердің әкімдерінің, басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге, бөлімнің құзіретіне енетін мәселелер бойынша олардың қызметіне басшылық және бақылау жүргізуге;

      5) жастар саясатын, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдауды, мемлекеттік тілдің дамуын, аудан деңгейінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тапсырысты орналастыруды және жүзеге асыру бойынша аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асыруға;

      6) бөлімнің құзіретіне енетін ішкі саясат аясындағы, адам құқығын сақтау мәселелері және өзге де мәселелер, олардың қарауында болатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмекті көрсетуге;

      7) мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттерің орындалуына және оның фукцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

       19. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      20. Бөлімнің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. Бөлім басшысының өкілеттілігі:

      1) мекеменің атынан сенім хатсыз әрекет жасайды;

      2) барлық органдарда мекеменің мүддесін қорғайды;

      3) мекеменің мүлкіне иелік етеді, келісім-шарттар жасайды, сенім хаттар береді;

      4) банкте есеп шоттар ашады, келісімдер жасайды;

      5) барлық қызметтерге міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      7) қызметкерлерді көтермелеу шараларын жүзеге асырады оларға жазалау шараларын қолданады;

      8) мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді;

      9) жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы бағытталған іс-шаралар қабылдайды және жемқорлыққа қарсы шара қолдануда жеке жауап береді;

      10) мекеменің бюджеттік бағдарламаларына сай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырады және өткізеді;

      11) заңдылықтармен және осы ережемен жүктелген басқа да функцияларды асырады.

      22. Бөлім басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі мемлекеттен берілген мүліктен және ол негізгі қордан және айналымдағы қаражаттан, сондай ақ құны мекеменің дербес балансында көрсетілген бағалы заттардан құралады.

      24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің (кәсіпорындардың) тізбесі

      Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады