Шу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 мамырдағы № 180 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 маусымда № 3444 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шу ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

       2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Есеев Бауыржан Бақытжанұлына жүктелсін.

       3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 26 мамырдағы
№ 180 қаулысына қосымша

Шу ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізімі

      1. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы өзгеруіне байланысты Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 маусымында № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2015 жылы 4 тамызда №2716 болып тіркелген, 2015 жылдың 12 тамызында "Шу өңірі" газетінде, 2015 жылдың 12 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 19 ақпанда №2943 болып тіркелген, 2016 жылдың 24 ақпанында "Шу өңірі" газетінде, 2016 жылдың 22 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

      3. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы №120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2016 жылы 14 сәуірде №3030 болып тіркелген, 2016 жылдың 27 сәуірінде "Шу өңірі" газетінде, 2016 жылдың 25 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады