РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 483 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2912 болып тіркелген, 2016 жылдың 29 қаңтарында № 11 (6548) "Шу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныстағы:
барлығы деген жолдағы "380" және "200" деген сандар "480" және "250" деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21, 22 жолдармен толықтырылсын:
2. "Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Г.Керімбаева) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ержан Хыдырұлы Бегалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Дәулет |