Аудан әкімдігінің кейбір каулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 239 қаулысы

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ербол Еркінұлы Аймамбетовке жүктелсін.
      Аудан әкімі Р. Дәулет

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 239 қаулысына қосымша

      1. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 ақпандағы "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 41 қаулысы. (Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 наурызында № 6-11-122 болып тіркелді).
      2. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 14 шілдедегі "Қой және ешкі малдары арасында анаэробты энтеротоксемия ауруы тіркелген Төле би, Балуан Шолақ ауылдық, Бірлікүстем селолық округтеріне шектеу режимін қою туралы" № 264 қаулысы. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 шілдеде № 2700 болып тіркелді).
      3. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 483 қаулысы. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 2912 болып тіркелді).
      4. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толамағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 484 қаулысы. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қаңтарда № 2904 болып тіркелді).
      5. Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы "2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 483 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 62 қаулысы. (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 наурызда № 2957 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады