Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 ақпандағы № 57 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2960 болып тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында "Шу өңірі" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер еңгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбілашұлы Балқыбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р.Дәулет |
Шу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 314 қаулысына қосымша |