Қарағанды қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы N 69/04 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы N 480 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда N 3701 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды қаласының келесі көшелері:
      40 лет Октября көшесі – Рақымжан Қошқарбаев көшесі;
      Шахтостроительная көшесі – Сопыжан Ашляев көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
      Сессия төрағасы,
      облыстық мәслихаттың хатшысы Н. Дулатбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады