Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 20/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 7 сәуірде № 3748 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысының әкімдігінің 30.05.2019 № 32/04 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. "Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "01" сәуір
№ 20/01 қаулысына
қосымша

Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар мен қызметтердің тізбесі

Рет №-і

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын реконструкциялау

1.2.

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу

1.3.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салуға және реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

1.4.

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2.

Қызметтер:

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және реконструкциялау кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады