"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 20/01 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 32/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 маусымда № 5371 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 20/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 болып тіркелген; 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 64 (22169) "Орталық Қазақстан" және 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 46 (21991) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған; 2016 жылғы 14 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады