Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 29.09.2017 № 222 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Келесі шешімдердің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы "Қарағанды облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын көріктендіру ережелерін бекіту туралы" № 130 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіілімінде № 2281 болып тіркелген, 2013 жылғы 09 сәуірдегі № 55 (21481) "Орталық Қазақстан" және 2013 жылғы 09 сәуірдегі № 45-46 (21378-21379) "Индустриальная Караганда" газеттерінде жарияланған);
2) Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы XXII сессиясының "Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы" № 246 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2505 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 10 (21644) "Орталық Қазақстан" және 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 7 (21528) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" апараттық–құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 24 қаңтарында жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Иманов Н.И.) жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Әдекенов |
Облыстық мәслихаттың хатшысы | Р. Әбдикеров |
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі II сессиясының № 32 шешімімен бекітілген |
Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп - ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Бұл Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19 бабына және Қазақстан Республикасының басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар Қарағанды облысы аумағындағы жер учаскелерінің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері және (немесе) пайдаланушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар үшін жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарды абаттандыру саласындағы тәртіпті аңықтайды, қатынасын және талапатарын реттейді.
3. Аумақтың абаттандыру және санитарлық күту жұмыстарын ұйымдастыру тиісті елді – мекендердің әкімдеріне, қарауында сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы тасымалы және автокөлік жолдары, кондоминиум нысанадарын басқару мақсатымен құрылған көп қабатты тұрғын үйлердегі үй-жай (пәтер) иелерінің бейкоммерциялық бірлестіктерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ғимарат, құрылыс, жер телімдері мен жер пайдаланушы бар сұрақтарын қамтитын қала мен ауданның мемлекеттік мекемелеріне жүктеледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс, мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың және іс-шаралардың жиынтығы;
2) ғимараттың қасбетi – ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы жағы;
3) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
4) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
5) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және қаланың бірыңғай жасыл қорын құрайтын табиғи өскен және жасанды егілген ағаш бұтақты және шөпті өсімдіктер;
6) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
7) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау – жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және өсіруге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
8) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
9) жалпы пайдаланымдағы жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпы пайдаланымдағы инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
10) көгал – шөптер, гүлдер, ағаштар мен бұталарды көшеттеудi қамтитын көрiктендiрудiң жасанды құрылған элементi;
11) көгалдандырылған аумақ – табиғи жолмен өнiп шыққан өсiмдiктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендерi және объектiлер, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлдер орналасқан жер учаскесі;
12) қатты тұрмыстық қалдықтар – қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар;
13) өтемдiк көгалдандыру – жойылған немесе зақымданған жасыл екпелердің орнына жасыл екпелерді отырғызу;
14) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
15) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
16) уәкілетті орган - табиғатты пайдалануды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
17) ұйым – жүргізілетін жұмысқа қажетті қызметті жүзеге асыратын, материалдық және білікті еңбек ресурстары бар жеке кәсіпкерлік субъектісі немесе дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлға және олармен үлестес заңды тұлғалар;
18) шағын сәулеттік нысандар – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
19) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
2. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
5. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй және жеке меншік қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжайлар учаскелерінде және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттардың учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда барлық жасыл екпелер бiрыңғай жасыл қор құрайды және қорғалуға жатады. Жасыл желектердің барлық түрлері есепке алынуға жатады. Жасыл желектердің есебі осы ережелердің қосымшасына сәйкес реестіріне кіргізілген есеп нысананың шеңберінде орналасқан инвентаризация мен лесопатологиялық тексеріс арқылы жүзеге асырылады.
6. Көгалдандырылған аумақтарды дамыту елді мекенді көгалдандырудың ұзақ мерзiмдi кешендi схемасына сәйкес жүргiзiледi.
7. Көгалдандыру бойынша барлық жұмыстың түрлерiн жұмыс сызбаларына сәйкес бекітілген жобалар бойынша орындаған жөн. Көгалдандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу кезiнде орындалатын жұмыстардың сапасына және бекiтiлген жобаға, жұмыс сызбаларына сәйкес келуіне "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес авторлық қадағалау жүргізіледі.
8. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау көгалдандыру бойынша жұмыстардың негізгі түрлерін қамтиды:
1) жасыл екпелерді отырғызу;
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды ақтау;
3) гүлдерді, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу;
4) барлық вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару;
5) жасыл екпелерді қырқу, қайта отырғызу, кесу (апаттық, құрғаған, жасамыс ағаштарды және бұтақтарды санитариялық кесу);
6) тыңайтқыштарды салу;
7) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу.
9. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл ішінде арнайы қайта отырғызу технологиясы сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді ұласып өсуі мақсатында оларды күз түскен кезеңнен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
10. Ағаштарды жасарту және қалың өскен ағаштарды сирету жұмыстары вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
11. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде осы учаскеде сақтауға жататын барлық екпелер олардың тиімді қорғалуын қамтамасыз ететін арнайы қорғаныш қоршауларымен механикалық және өзге де зақымданулардан қорғалады.
12. Құрылыс салуға немесе басқа жұмыстар жүргiзуге бөлiнетін учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкiн болмаған жағдайда, жасыл екпелерді кесу немесе қайта отырғызу жүргізіледі.
13. Жасыл екпелерді кесу мынадай:
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыстың объектілерін орналастыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету;
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне, жер үсті коммуникацияларына қызмет көрсету;
3) апаттық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
4) жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
5) адамның өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне залал келтіруі мүмкін ескі екпелерді санитариялық кесу жағдайларында жүзеге асырылуы мүмкін.
14. Ағаштардың барлық түрлерін амаласыз жою немесе санитарлық кесуіне рұқсаттама Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына сәйкес беріледі.
15. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі және ғимараттар, құрылыстар, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде ағаштар апатты құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинау, құлаған жерлерді уақтылы санитариялық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану құқығы шекарасындағы, сол аумақ тиесілі ұйымға немесе қызмет көрсететін учаскелері бойынша ұйымдарға жүктеледі.
16. Өскен немесе зақымдалған жасыл екпелер өздігінен құлаған жағдайда, кінәлі тұлғаларды анықтау мүмкін болмаған кезде жасыл екпелерді қалпына келтіру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
17. Қаланың және елді мекеннің аумақтарында өтемдік отырғызу жүргізу үшін уәкілетті орган арнайы учаскелерді айқындайды.
3. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету
18. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды осы саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асырады.
19. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта ұстайды;
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулет нысандарын тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды.
20. Облыстың елді мекен аумақтарында жол берілмейді:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын алаңдар мен демалыс аймақтарын, көшелерін ластауға;
2) кез келген елді мекендердің аумағын ластауға;
3) адамдарға шомылуға арналған жерлерде жануарларды жуу және кір жууға;
4) меншік иесінің және (немесе) нысана қолданушының келісімінсіз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қарастырылған қажетті рұқсаттама немесе келісу қағазын алмай және ондай мақсаттарға тағайындалмаған жерлерге жарнамаларды, плакаттарды, үндеулерді, әртүрлі ақпараттық материал орналастыруға, жазуларды және графикалық бейнелерді салуға;
5) арнайы тағайындалған орындарынан тыс, тұрғын орымдарында және жалпы пайдалану жерлерінің, су бөлетін мұнараларының, су қоймасының, көпшілік демалу орындарының, тұрғын үй кіреберіс жанында көліктерді жуу, тазарту және жөндеуге (апаттық жөндеуді есептемегенде);
6) топырақты, қоқысты, себінді құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды брезент немесе басқа материалмен жабусыз көшіру;
7) автомобиль жолдарының жүру бөлiгiне қоқыс, қозғалысқа қауiп келтiретiн заттарды тастауға;
8) ғимараттардың, құрылыстардың және тұрғын үйлердiң терезелерiнен қоқыс лақтыруға;
9) әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға (олардың қажеттілігін есептемегенде), сонымен қатар көгалдарда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында автокөлікті қоюға;
10) тұрақ үшiн арнайы бөлiнген орындардан басқа, сондай-ақ олардың орналасқан жерiне қарамастан бөлшектенген көлiк тұрағы, арнайы автокөлiктiң өтуiне кедергi келтiретiн аула аумақтарының өтпежолдарында баған, блок және басқа да аумақ қоршауларын тұрғызуға және орнатуға.
21. Инженерлік коммуникациялардың иелері:
1) коммуникацияларды күтіп-ұстау, жөндеу және құдықтар мен коллекторлардың тазалауды жүзеге асырады;
2) коммуникациялардың жұмыс атқаруымен байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етеді, бұзылған жол жабындыны, жаяужолды, көгалды және абаттандырудың басқа элементтерін нысаналы мақсатқа сәйкес пайдалану үшін жарамды қалыпқа келтіруді қамптамасыз етеді.
4. Аумақтарды жинауды ұйымдастыру
22. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
3) сыпыру;
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.
23. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда орналасқан парктерді, скверлерді, бульварларды, су айдындарын, жағажайларды, зираттарды, оның ішінде оларда орналасқан тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, саты баспалдақтарын жинауды заңды және жеке тұлғалар мен осы объектілерге қызмет көрсететін және пайдаланатын аумақтарды бекіту субъектілері жүргізеді.
24. Объектілердің меншік иелері заңнамалық тәртіпте берілген жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен келісім-шарт негізінде санитариялық тазалауды және жинауды қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
25. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан тротуарларды, жолаушылар көлігінің аялдама алаңын жинауды жүру бөліктерін жинауға және күтіп-ұстауға жауапты ұйымдар жүргізеді.
26. Сауданы жүзеге асыратындар уақытша дала сауда орындары, сауда нысаналарға (базар, сауда павильондары, тез салынатын сауда комплекстері, дүкен, киосктер) іргелес аумақты өздігінен тазартады. Іргелес көгалдардың үстінде, сауда шатырларының үстінде, киоск пен басқа сауда нысандардың үстінде ыдыстарды сақтауға рұқсат етілмейді.
27. Сыртқы жарнама (көрнекі) нысандары "Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 Қаулысымен бекітілген Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесіне сәйкес орнатылады.
28. Аялдама кешендерін және қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңында оларға іргелес аумақтарды, ақылы автотұрақтар, гараждардың аумақтарын, сондай-ақ кіреберіс жолдарды, іргелес аумақтарды жинауды және жууды олардың иелері жүзеге асырады.
29. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде құрылыс қоқыстарын осы жұмыстарды жүргізген ұйымдар шығарады.
30. Су ағатын желілерде ластануды болдырмау үшін су ағатын коллекторларда, жауын суын қабылдайтын құдықтарда және арық жүйесінде қоқыстардың тасталуына жол берілмейді.
31. Жерүстi инженерлік құрылыстарын пайдаланушы ұйымдар мен иелері инженерлiк желілердің қорғалатын аймақтарының шекарасында іргелес аумақтардың санитариялық күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
32. Қыс мезгiлiнде ғимарат, құрылыс иелерi уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгiлерден тазарту жұмыстарын ұйымдастыруды қамптамасыз етеді.
33. Ғимарат жабындарын тазалау қатерлі үлескілерде алдын ала қоршау орнатқан кезде, тек тәуліктің жарық мезгілінде орындалады. Жабынның көшеге қарап тұрған жағындағы ылдиы бетіндегі қар, қызылсу мұзы аяқжолдарға, жабынның басқа ылдиларынан, сонымен қатар жайпақ жабындардан аула ішіндегі жерлерге түсіру орындалады. Ғимараттардан түсірілген қар мен қызылсу мұзы уақытылы шығарылуы тиіс.
34. Қарды, мұзды, қоқысты су ағызатын құбыр шұңқырларына тастауға жол берілмейді.
35. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегi, бульварлардағы, аллеялардағы жолдарды тазалау кезiнде ерiген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттерi мен қоқысы жоқ қарды уақытша жинауға жергілікті атқарушы органдарымен белгіленген арнайы алаң дайындалып, сонымен қатар жасыл желектердің астында, тротуарларды, көгалдарды, жасыл көшеттерді қоспағанда сақтауға рұқсат етіледі.
36. Көшелер мен өтпе жолдардан құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды шығару арнайы жергілікті атқарушы органдарымен дайындалған және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдай, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерімен және басқа коммуналдық қызметтегі уәкілетті органдарымен келісілген алаңдарда жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдармен келісілмеген орындарға қарды шығаруға жол берілмейді.
37. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екi кезеңде жүзеге асырылады:
1) автомобиль жолдарынан, жолаушы көлігі аялдамасы, жер үстiлiк жаяу өтпе жолдардағы, көпiрлердегi және жол өткелдерiндегi, көпшiлiк баратын орындардағы (iрi әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар), ауруханалардың аумағына және әлеуметтiк маңызды объектiлердiң кiреберiс жолдарда бiрiншi кезекте (таңдаулы) қарды шығару қар жауғаннан кейiн 48 сағат iшiнде жүзеге асырылады;
2) соңғы (жаппай) қарды шығару бiрiншi кезектi шығару аяқталғаннан кейiн кезекпен, тапсырыс берушi анықтаған кезектiлiкке сәйкес шығарылады.
38. Жеке тұрғын үйлердің иелерін қоса алғанда, заңды жән жеке тұлғаларға өздігінен заңнамалық тәртіпте берілген іргелес аумақтарын тазарту ұсынылады.
Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, көріктендірілуі тиіс.
Минималды көлемі 6 метрді құрайтын көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі 15 сантиметрден аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.
Қар үйіндісін жинауға жол берілмейді:
1) барлық жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында;
2) жаяу жүргіншілер өтпе жолдарынан 5 метр жақын жерде;
3) қоғамдық көлік аялдамаларынан 10 метр жақын жерде;
4) тротуарларда.
5. Қалдықтарды жинау және шығару
39. Жеке және заңды тұлғалар, олардың қызметі нәтижесінде пайда болған өндіріс және тұтыну қалдықтары пайда болған кезінен бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалар қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайды.
40. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды уәкілетті орган белгілеген бекітілген кестеге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың өткізген қалдықтары шығару бойынша конкурсты (тендерді) ұтып алған ұйым жүзеге асырады. Кестелер қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау алаңдарында ілінеді.
41. Заңды тұлғалар кәсіпорын аумағының қоршалуы мен ҚТҚ сақтауына арналған арнайы аумақтардың бар болған жағдайда ҚТҚ өздігінен шығаруды жүзеге асыра алады. Жоғарыда аталған заңды тұлғалар үшін ҚТҚ кәдеге жарату (көму) шартының болуы қажет.
42. Құрылыстарды және (немесе) жылжымайтын объектілерді жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын кәдеге жарату шарттарын жасасуы қажет, оны белгіленген орынға өз бетінше немесе қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен шарт бойынша шығарады.
43. Үй иелерінің аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар болады. Контейнерлерді орнатуға арналған алаңдардың бетонды немесе асфальтты жабыны және қоршауы болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін жапқыштары бар контейнерлерді қолданған жөн.
44. Қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күл тастауға және жинауға жол берілмейді.
45. Қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, үй иелерінің кәрізденбеген сұйық қалдықтары ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
46. Сұйық қалдықтар мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін орындар дезинфекциялайтын ерітінділермен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындары тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықталуы тиіс.
47. Сұйық тұрмыстық қалдықтар мен ірі көлемді қоқыстарды қоқыс шығару құбырына тастауға жатпайды.
48. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
49. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау үшін арнайы контейнерлерде істен шыққан құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды қауіпсіз жинауды қамтамасыз етеді.
50. Контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді пайдаланатын және оларға қызмет көрсететін ұйымдар мыналарды:
1) контейнерлік алаңдарды және оған іргелес аумақтарды тиісті санитариялық күтіп-ұстауды қамтамасыз етеді;
2) контейнерлерге уақтылы жөндеу жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыздарды ауыстырады;
3) қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға, кеміргіштерге қарсы дезинсекциялануын, дератизациялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды;
4) контейнерлік алаңшалар маңайындағы жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;
5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;
6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және тұрғындардың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістер мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуі керек.
51. Контейнерлерден қоқыс шығаратын машинаға тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысшылары шығарады.
52. Құтыларды орнатуды, тазартуды және жууды аумақты пайдаланатын ұйымдар немесе аумаққа иелік ететін немесе пайдаланатын ұйымдар жүргізеді. Құтылар толу шамасына қарай, бiрақ күніне бір реттен кем емес тазартылады. Құтылар ластану деңгейіне қарай, бiрақ аптасына бір реттен кем емес жуылады.
6. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
53. Шағын аудандар мен орамдардың тұрғын үй аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалар ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, орынтұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
54. Алаңдардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкес болуы тиіс.
7. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
55. Қарамағында ғимараттар мен құрылыстар бар жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар мен құрылыстардың меншік иелері көрсетілген объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақтайларды таза және дұрыс жағдайда ұстайды. Дүкендер мен кеңселердің көшелерге қасбеттермен шығатын витриналары жарықпен безендіріледі.
56. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың конструктивтік элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
57. Жергілікті қаптауыштардың, сылақтардың, фактуралық және сырлау қабаттарының қирауы, сылақтардағы жарықтарды, қаптауыштардың, кірпіш және кішігірім блок қалауының жік ерітіндісінен бояуын, толығымен жиналған ғимараттардың герметизациялық жіктердің қирауы, қабырғалардағы шығып тұрған бөліктерінің металл қаптауларының бүлінуі немесе тозуы, су ағызатын құбырлардың қирауы, су және тотықты дақтар, ағып түскен із және күл тұнбасы, жалпы бетінің кірленуі, жақтауларының қирауы мен басқа ұқсас қиратулардың ары қарай дамуын болдырмау мақсатында ғимарат және (немесе) құрылыс иесімен және (немесе) пайдаланушымен анықталған кезінде жойылуы қажет.
58. Ғимарат пен құрылыстардың алдын ала архитектуралық бөліктерін қалпына келтірмей қасбетін бояуға жол берілмейді.
59. Көп қабатты тұрғын үйлердің қасбетінде спутникалық антеналардың орнатуына жол берілмейді.
60. Архитектуралық бөліктерінде, декор элементерінде, бағалы архитектуралық әрлеу беттерінде, сонымен қатар архитектуралық беттер бекіткіштерінің бүлінуіне әкеліп соғатын сыртқы блоктарда кондиционер және вентиляция жүйелерін орнатуға жол берілмейді.
8. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
61. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
62. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті ұйымдар жүзеге асырады.
63. Істен шыққан құрамында сынап бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және олар кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
64. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
65. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
66. Субұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу режимін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
67. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде судың беті күн сайын қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын жұмысы тоқтаған кезеңде де, оларды тазалықта ұстайды.
Қарағанды облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларына қосымша |
нысан
20___жылдың 1 қаңтарына дейінгi жасыл желектердің
тізілімi
Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңының жер санаты, өсімдік түрлері және функционалдық мақсаты бойынша бөлу
Кент, қала атауы
Әкімшілік аудан: (код)________________________________
Иесі:_________________________________________
Жасыл желектер тізілімі№ р/н, жасыл желек паспортының түгендеу № | Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты) | Жіктемелік код | АҒАШ ӨСІМДІГІ | ||||
Жекелеген ағаштар,дана |
Топтар, куртиналар, | Тоғайлар, алқаптар,дана | Бағытты көшеттер,дана |
Барлығы: | |||
Кестенің жалғасы
БҰТА ӨСІМДІКТЕРІ | ||||
Жекелеген, |
Жасыл қоршау, |
Қатарлық отырғызулар, |
Топтық отырғызулар, |
Барлығы: |
Кестенің жалғасы
АШЫҚ КЕҢІСТІК | |||||
ГҮЛЗАРЛАР | |||||
Жаздық, |
Көпжылдық, | Контейнерлік, дана |
Вазон, |
Альпинарий, рокарий, |
Барлығы: |
Кестенің жалғасы
КӨКЖЕЛЕКТЕР | |||
Партерлік, |
Кәдімгі, |
Топырақ беті |
Барлығы: |