Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы XХІІ сессиясының № 246 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қаңтарда № 2505 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі ІІ сессиясының № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының ІІ сессиясының 28.04.2016 № 32 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 2-2 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау Қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік және коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына (Полещук С.В.) жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
А. Сәрсекенов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Н. Дулатбеков

      

  Қарағанды облыстық мәслихатының
XXII сессиясының
2013 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 246 шешімімен
бекітілген

Қарағанды облысының елді мекендеріндегі
жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау
Қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19 бабына сәйкес әзірленді және барлық заңды және жеке тұлғалардың меншік нысандарына қарамастан Қарағанды облысының елді мекендеріндегі жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау тәртібін айқындайды, жеке меншіктегі аумақтарды, тұрғын үй мен азаматтардың саяжай учаскелерін, коммуналдық қызметтерінің қарауына жататын зираттар учаскелерін және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда.
      2. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, қарамағында жасыл желектері бар Қарағанды облысының аудан, қала әкімдіктеріне және уәкілетті органдарына жүктеледі.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) арнайы мамандандырылған ұйым - жарғысында жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау бойынша жүргізілетін жұмыстардың түрі көрсетілген, қажетті материалдық және білікті еңбек ресурстары бар шаруашылық жүргізуші субъект;
      2) аудандардың, қалалардың жасыл желектерінің тізілімі – аудандардың және қалалардың елді мекендерінің аумағындағы жасыл желектердің көлемі, түрі, түрлік құрамы, жағдайды және орналасуы туралы мәліметтердің электронды және қағаз түрінде құрылатын тізілімі;
      3) бөрікбастарды қалыптастыру - пішіндеуге келетін, жекелеген ағаштардың, бұталардың және жолдағы өсімдіктердің бұташалары мен ұзарған жерлерін оларға белгілі бір әсемдік беру мақсатында кесу және жасыл желектерді "жасарту";
      4) дендрологиялық жоспар (дендрожоспар) - көк желектердің, алаңқайлардың, жолдардың, су айдындарының және бұдан кейін құрылыс салу аймағын ескере отырып ашық учаскелерімен үйлесімде өсіп тұрған жасыл желектердің және отырғызуға жоспарланған ағаш-бұтақ өсімдіктерінің түрлік және сандық құрамы көрсетілген аудандардың елді мекендерінің, қалалардың шегінде жасыл желектерді отырғызу жоспары;
      5) жалпы пайдаланылатын жерлер - алаңдар, көшелер, жаяу соқпақтар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, бақтар, қала ормандары, бульварлар, айдындары, жағажайлар және тұрғындар мұқтажын қанағаттандыратын өзге де нысандар (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазалау құрылыстары және басқа да жалпы пайдаланылатын инженерлік жүйелер) үшін алынған және арналған жерлер;
      6 жаппай санитарлық кесу - көп мөлшерде желден, қардан құлаған, құрғаған және ауырған (ағаштардың 40 % астамы) жасыл алқаптардың, саябақтардың, бақтардың белгілі бір алаңдарында жүргізілетін ағаштар мен бұталарды кесу;
      7) жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтағын қатты қысқарту, ұзарған жерлерін сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің ажарын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
      8) жасыл алқап - түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 гектар аумақта кем дегенде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
      9) жасыл алқаптардағы ландшафтық кесу - құрғақ, шіріген, ажары нашар және рекреациялық ықпалға төзімділігі төмен, ең әсем тұрақты тұқымның дамуына кедергі келтіретін және ағаш сапасын жақсарту мақсатында ағаштар мен бұталарды кесу;
      10) жасыл желектер – жасанды және де сондай табиғи ағаш, ағаш-бұта, бұта және шөптік өсiмдiктерi;
      11) жасыл желектерді амалсыз кесу - белгіленген тәртіппен түгендеуге, орман ауруларын зерттеуге және шаруашылық мақсаттар үшін пайдалануға жататын ағаштарды кесу;
      12) жасыл желектерді жою - өсімінің тоқтауына алып келетін жасыл желектердің зақымдануы;
      13) жасыл желектерді зақымдау - ағаш-бұтақ өсімдіктерінің бөрікбасына, діңіне, тамыр жүйесіне, шөпті өсімдіктердің жер үсті бөлігі мен тамыр жүйесіне өсімін тоқтатуға алып келмейтін залал келтіру. Тамыр жүйесінің механикалық термиялық немесе химиялық зақымдануы, тамыр қыртысы тұтастығының, топырақ үсті жамылғысы тұтастығының бұзылуы және залалдың өзге де түрін келтіру зақымдану болып табылады;
      14) жасыл желектерді қайта отырғызу - тігінен немесе көлденеңінен тамыр жүйесіне таралуы бойынша (1,8 метрден бастап одан биігірек) жерде топырақ кесектерімен бірге қайта отырғызудың жоғары технологиясын сақтай отырып, жасы І сыныптағы топырақ кесектері бар (10 жылға дейін), сирек - жасы ІІ сыныпта (жапырақты тұқымдар үшін 11 жылдан 20 жылға дейін және қылқан жапырақтылар үшін 21 жылдан 40 жылға дейін) жапырақты және қылқан жапырақты өсіп тұрған ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу;
      15) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды жасауға, сақтау және түлетуге (оның ішінде жойылған немесе зақымдалған жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдық және экономикалық шаралар жүйесі;
      16) жасыл желектерді сақтау - көріктендіру және құрылыс жұмыстарының дағына түсетін, аса құнды желек тұқымдарын сақтауға бағытталған кешенді шаралар. Сақтау - құрылыс жүргізу кезінде желектердің бүлінуіне жол бермеу үшін қоршау және басқа да әдістермен жүзеге асырылады;
      17) жасыл желектерді түгендеу - (тал басын санау) жасыл желектердің сандық және сапалық сипаттамасы жан-жақты көрсетілген, көгалдандыру нысандарын есепке алу жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ әрбір кәрі ағашқа түгендеу нөмірін және оларға нөмірлі таңбаланған ұзақ уақытты биркаларды бекіте отырып, жоспарлы негізде көгалдандырудың әрбір элементін кескіндемелік бейнелеу;
      18) жасыл желектердің орман ауруларына бейімділігін зерттеу - зиянкестердің (жәндіктердің) бар-жоғын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының, діңдерде, тамыр жүйесі мен бөрікбасында аурулармен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің бар-жоғын анықтау. Егер желектердің 50 % астамы ауруларға шалдыққан болса, онда олар міндетті түрде санитарлық кесуге жатады.
      19) жасыл құрылыс - аудандардың елді мекендерінде, қалаларда, өнеркәсіп және басқа да нысандарда жасыл желектер аумағын құру, сақтау және көбейту жөніндегі шаралар жүйесі. Аумағы едәуір учаскелерді көгалдандыру жобалық тапсырма және оның техникалық жобасы негізінде жүргізіледі;
      20) жеке тұлғалардың аралас аумақтары - елді мекендердің аумақтарының жалпы пайдаланылатын жерлерімен шектесетін, желектер өсіп тұрған жеке тұлғаларға тиесілі аумақ учаскесі;
      21) көгалдандырылған аумақ - табиғи өсімдіктер, жасанды жасалған саябақ кешендері мен нысандары, бульварлар, бақтар, көкжелектер, гүлзарлар орналасатын жер учаскесі;
      22) күтім жасау - өсімдіктің төменгі бөлігі мен топырағына күтім жасау (қоректендіру, суару, қопсыту);
      23) өсімдіктің сүңгегі – өсімдіктің көп жыл бойы жер бетіндегі тікелей қабатынан бастап оның алғашқы бұтақтануына дейінгі бөлігі, діңі;
      24) өтемдік (кепілдік) отырғызу жоспары - отырғызудың сандық, тұқымдық құрамы, көлемі, күнтізбелік мерзімі, сонымен қатар жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың кескіндемелік сызбасы бар, рұқсат етілген санитарлық кесуге, амалсыз кесуге немесе заңсыз кесуге ұшыраған жасыл желектер көлемін сол деңгейде өтейтін ағаштарды отырғызу жоспары;
      25) санитарлық кесу - ауырған, зақымданған, құрғай бастаған және құрғаған ағаштары кесілетін аудан, қала жасыл желегінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілетін (іріктемелік, жаппай) кесу;
      26) санитарлық қырқу - апаттық жағдайда (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттың жамылғысын зақымдайтын, жол қозғалысына кедергі келтіретін) зақымдалған, қураған, құрғақ, ауру бұтақтарды қырқу;
      27) техникалық қадағалау - жасыл желектерді жасау (өтемдік отырғызуларды қоса кіргізгенде), күту және қорғау технологияларының сақталуына және белгіленген ережелердің, жасыл желектерді отырғызу және күту технологияларының сақталуына қадағалау жүргізу;
      28) уәкілетті орган – тиісті қала, аудан әкімдігімен айқындалған жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік мекеме;
      29) іріктемелік санитарлық кесу - қураған, солған, желден, қардан құлаған, қардан сынатын барлық сынып жастағы ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ тамыры зақымдалған, сәрпіңке мен өзге де шірінді ауруларына шалдыққан ағаштарды кесу.
      4. Қарағанды облысының аумағындағы барлық жасыл желектер, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсіп тұрған, жеке меншіктегі аумақтарда, жеке үй құрылыстары мен саяжайларда және коммуналдық қызметтердің қарауына жататын зираттар учаскелерінде өсіп тұрған жасыл желектерді қоспағанда, қол сұғылмайтын аудандық және қалалық жасыл қорды құрайды.
      5. Меншік түріне қарамастан барлық азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар жасыл желектерді сақтау мен қорғау жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырады.
      6. Жобалау, құрылыс және шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларда белгіленген жасыл желектерді қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, жүзеге асырылады. Құрылыс, шаруашылық және өзге қызметтерді ұйымдастыруға арналған жоба алдындағы және жобалау құжаттамада топографиялық түсірілімге енгізілген жасыл желектердің күйі туралы толық және нақты мәліметтер болуы тиіс. Егер учаскеде жасыл желектер болса, оларға түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізу қажет.
      7. Аудан, қала аумағындағы жалпы пайдаланылатын аумақтарда орналасқан жасыл алқаптар қала дамуының бас жоспарына кіретін жер учаскелерін қоспағанда құрылыс салуға жатпайды.
      8. Жасыл желектерді амалсыз кесу заңнамада белгіленген тәртіпте, қала мен ауданды дамытудың бас жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қажеттіліктер үшін алынған жер телімдерінде ғана рұқсат етіледі.

2. Қарағанды облысының елді мекендерінде жасыл желектерді
күтіп ұстау және қорғау жөніндегі уәкілетті орган рұқсат
етуге жататын мәселелер

      9. Уәкілетті орган жасыл желектерді қорғау және қамтамасыз ету мәселесі бойынша:
      1) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің, заңды және жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша жасыл желектерге зерттеу актісін жасайды (Қағидалардың 1 қосымшасы);
      2) жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді;
      3) жасыл желектерді тексеру актісінің негізінде санитарлық шабуға, амалсыз кесіп тастауға, жасыл желектерді қайта отырғызуға рұқсат береді; (Қағидалардың 2 қосымшасы);
      4) оларды түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жасыл желектердің есебін жүргізуді жүзеге асырады;
      пішіндемелік қырқуға (жасартуға), санитарлық кесуге, жасыл желектердің сүңгегін тазалауға рұқсат береді (Қағидалардың 3 қосымшасы);
      5) шұғыл тәртіппен рұқсаттаманы рәсімдемей жасыл желектерді амалсыз құлату және санитарлық кесу бойынша шешім қабылдауға қатысады.
      10. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес тұрақты негізде жасыл желектерді күтіп ұстауға және қорғауға байланысты мәселелер жөніндегі ахуалға талдау жасайды, осы саладағы әкімшіліктендіруді жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді.
      11. Уәкілетті орган жасыл желектер мәселесі бойынша келесідей тапсырыстарды (өтініштерді) келесі ретте қарайды:
      1) тапсырыста (өтініште) көрсетілген жасыл желектің орынын сол жерге барып анықтайды, олардың түрлік құрамына сәйкестігін нақтылайды, 1 қосымшаға сәйкес жасына, сапалық жағдайына қарай зерттеу актісін жасайды;
      2) 2 қосымшаға сәйкес санитарлық кесуге, амалсыз кесіп тастауға, жасыл желектерді қайта отырғызуға рұқсат беретін материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
      3) 3 қосымшаға сәйкес пішіндемелік қырқуға (жасарту) санитарлық кесуге, жасыл желектердің сүңгегін тазалауға рұқсат беретін материалдарды дайындауды жүзеге асырады.
      12. 9 тармақтағы талаптар осы Қағидалардың 33, 39, 40 тармақтарында көзделген жағдайларда қолданылмайды.

3. Жасыл желектерді есепке алу, күтіп-ұстау және қорғау

      13. Жасыл желектердің барлық түрі есепке алынады. Жасыл желектерді есепке алу 4 қосымшаға сәйкес тізілімге енгізіліп, есепке алынатын объект шекарасында орналасқан жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу арқылы жүзеге асырылады.
      14. Жасыл желектерді есепке алу нәтижесін көрсететін құжат, белгіленген тәртіппен ресімделген түгендеу және орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының негізінде жасалған жасыл желектердің жоспары (дендрожоспар) болып табылады.
      15. Жасыл желектерді түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне зерттеу жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады. Жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу құжаттарының көшірмелерін жасыл қормен жұмыс жасау кезінде ұсыныс ретінде пайдалану үшін тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жібереді.
      16. Амалсыз кесуге жататын учаскелер шегінде түрлік құрамын, сандық және сапалық күйін, жасын (диаметрін) ескере отыра жасыл желектерге түгендеу және орман ауруларына бейімділігіне тексеру жүргізу қажет.
      17. Аудандардың, қалалардың жасыл желектерінің тізімі мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) жасыл желектердің саны мен сапасы және жәй-күйі туралы шынайы мәліметтер алу және есебін жүргізу;
      2) жасыл желектерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аудан, қала аумақтарын дамыту саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау;
      3) халықты, жергілікті атқарушы органдарын жасыл желектердің саны мен жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету.
      18. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады, жеке меншіктегі арнайы саябақтардың, тұрғын ықшам аудандарының, тұрғын үйлердің алдындағы көшелердің құрылыстан жаяу соқпаққа дейін - ішкі аула аумағы шегінде, өнеркәсіп кәсіпорындары аумақтары мен меншіктің өзге нысандарының, құрылыс үшін бөлінген аумақтарды қоспағанда.
      19. Жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіру уәкілетті органының рұқсатына сәйкес жүргізілген санитарлық шабу, амалсыз кескендігі үшін биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас, ал қылқан жапырақтылар үшін 2 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) көшеттер отырғызу жолымен жүргізіледі.
      Көшеттердің тамыр жүйесінен жоғары діңгегінің диаметрі кем дегенде 3 сантиметр (діңгек бөлігінің 1,3 метр биіктікте) болуы керек. Мұндай кезде амалсыз кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу сол жер телімі аумағында (сәулет шарттары ескеріліп) үш есе мөлшерде жүргізіледі. Санитарлық кесу және жасыл желектерді амалсыз кесу жүргізілетін аумақта уәкілетті орган одан әрі өтемдік отырғызу жүргізу үшін арнайы учаскелерін анықтайды. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі өтемдік отырғызуларды жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
      20. Апатты жағдайдағы, қураған және қартайған жасыл желектерді кесу кезінде заңды және жеке тұлғалар әрбір апатты жағдайдағы жасыл желекті кескені үшін жасыл желек кесілген жерде немесе уәкілетті орган белгілеген учаскеге жасыл желектерді кепілді өтемдік отырғызу ретінде 1 көшет отырғызады.
      21. Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін - ұзақ тұрған (қартайған), апатты (құлап қауіп төндіретін), қураған ағаштардың, әбден піскен (тіршілігі қысқа мерзімді, жылдам өсетін: жасы 40-тан асқан теректердің барлық түрі; жасы 20-дан асқан жемісті ағаштар; жасы 50-ден асқан аласа шегіршін, вавилон қара шілігі) және басқа да ағаш түрлерінің өздігінен құлауын болдырмау үшін желектің сапалық жағдайына қарамастан (сұлбасы, жапырағы, діңгегі), алдын ала зерттеу жүргізудің (оның ішінде аудандардағы жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу) нәтижесіне сәйкес (көшеттердің жоспарланған өтемдік отырғызылуын ескеру), апатты (қартайған) ағаштарды құлату жөнінде бағдарлама әкімшілері, аудандардың, қалалардың құтқару қызметі, төтенше жағдайлар органдарының, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша ағаштарды амалсыз кесуге немесе санитарлық кесуге рұқсат беріледі.
      22. Жалпы пайдаланылатын жерлердегі, ғимараттар мен үй-жайлардың, көп қабатты тұрғын үйлер аумақтарында желдің және табиғи сипаттағы өзге де оқиғалардың, жол-көлік апаттары нәтижесінде құлаған апатты ағаштарды жинау, құлаған жерлерді өз уақытында санитарлық тазалау және ағаш қалдықтарын шығару жер пайдалану шекарасындағы, сол аумаққа қарайтын ұйымдар қамтамасыз етеді.
      23. Жасыл желектерді күту жөніндегі бағдарламалардың әкімшілері көгалдандыру мәселелері бойынша табиғатты қорғау шараларын қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру үшін уәкілетті органға ағымдағы жылы жоспарланған апатты ағаштарды санитарлық кесу немесе амалсыз кесу жүргізілген орындарға ірі көлемде отырғызылатын көшеттердің саны мен түрі нақты көрсетілген, жасыл қорын қалпына келтіру жөніндегі өтемдік жұмыстарды жүргізетін қаржыны ұйымдастыруға тапсырыс береді.
      24. Өнеркәсіптік, азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және жеке тұрғын үй құрылысынан кемінде 5 метр қашықтықта өсіп тұрған ағаштың ұшар басы ғимарат үшін қауіп туғызса - жабынды, балконды, лоджияны, терезені бүлдіретін және тамырлары ғимарат іргетасын қирататын болса, оларды санитарлық қырқуға, амалсыз кесуге рұқсат шектесетін аумақта өтемдік отырғызуды анықтаумен, апатты жасыл желектерді кесу ретінде беріледі.
      25. Жасыл желектерді рұқсатсыз кескен жағдайда өтемдік қалпына келтіру биіктігі 3 метрден кем емес жапырақ тұқымдас көшеттерін, сондай-ақ биіктігі кемінде 2 метрден кем емес (І және ІІ сыныптағы сападағы) қылқан жапырақты тұқым көшеттерін он есе мөлшерде отырғызу жолымен жүргізіледі. Діңгегінің диаметрі көшеттің жоғары тамыр жүйесінен (діңгек бөлігі 1,3 метр биіктікте) 3 сантиметрден кем болмауы керек. Рұқсатсыз кесу жүргізілген аумақта ағаш отырғызу үшін бос алаң болмаған жағдайда уәкілетті орган өтемдік отырғызуды жүргізу үшін өтемдік қалпына келтіруді жүргізетін тұлғамен келісім бойынша арнайы учаскелерді белгілейді.
      26. Жеке және заңды тұлғалар жасыл желектерді өтемдік қалпына келтіруді өз еркімен, оларды одан әрі күтуді қамтамасыз етудің шарттарын сақтай отырып жүргізе алады.
      27. Бюджет қаражаты есебінен құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде (күрделі құрылыс, жолдарды, жаяу соқпақтарды, арық желілерін жөндеу) және коммерциялық құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымдарға (тапсырыс берушілер мен мердігерлер) құрылыс жобаларында жасыл желектерді құру немесе қалпына келтіру (жобада қарастырылған) жөніндегі, жұмыстарын көгалдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейінгі екі жыл бойы оларды күтіп-баптау жұмыстарын ескере отырып қаржыландыруды қарастыруы қажет.
      28. Жалпы пайдалануға жататын жерлерде өсетін жасыл желектер механикалық зақымдалған немесе жол-көлік оқиғалары салдарынан жойылған жағдайда кінәлілердің тарапынан зақымдалған немесе жойылған желектердің өтемдік қалпына келтірілуін көшет отырғызу арқылы жүргізеді.
      29. Отырғызылған жасыл желектер жойылған жағдайда оның мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлға жасыл желектерді қайта отырғызады және олар отырғызылғаннан кейін екі жыл ішінде әрі қарай күтіп-баптауын қамтамасыз етеді.
      30. Қажетті күтіп-ұстаудың болмауына, көшеттердің баяу өсуіне байланысты, отырғызылған жерде көшеттердің жоқтығы (ұрланған) анықталуына байланысты жасыл желектердің жойылғандығы анықталған жағдайда (қартайғандарын қоспағанда) оларды қалпына келтіру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      31. Құрылыс және өзге жұмыс түрлерін жүргізген кезде осы учаскедегі сақталуға жататын, кесуге немесе санитарлық қырқуға жатпайтын барлық жасыл желектер тиімді қорғауды қамтамасыз ететін арнайы қорғаныс қоршауларымен қорғалуға тиіс.

4. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай)
амалсыз кесу, қайта отырғызу, бөрікбастарын қалыптастыру,
санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау

      32. Жасыл желектерді санитарлық кесу (іріктемелік, жаппай) амалсыз кесу, қайта отырғызу, ұшар бастарын қалыптастыру, санитарлық қырқу, ландшафтық кесу, сүңгегін тазалау осы Қағидаларда белгіленген уәкілетті органның рұқсатымен жүргізіледі.
      33. Жасыл желектерді қайта отырғызу бір жылдың ішінде уәкілетті орган берген рұқсатта көрсетілген уақытта, арнайы қайта отырғызу технологиясын сақтай отырып жүргізіледі. Жапырақты және қылқанжапырақты ағаштардың жерсінудің өнімділігін көтеру мақсатында оларды күз түскеннен бастап көктемнің бас кезіне дейін отырғызу ұсынылады.
      34. Ағаштарды жасарту және қалың біткен ағаштарды сирету өсіп-өну кезеңі басталғанға дейін немесе күздің аяғына дейін жүргізіледі.
      35. Жаңа құрылысты оның ішінде, жаңартуға түсетін аумақтардағы құрылысты (бұрыннан бар жеке тұрғын үй құрылысын қоспағанда) олардың нысаналы мақсатына (жоспарланған жеке тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс нысандары, әкімшілік ғимараттары, коммуникацияның, қызмет көрсету саласы нысандарының барлық түрлері) және жер учаскесіне құқығына тәуелсіз ұйымдастыру кезінде жасыл желектерді кесу, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      36. Жалпы пайдаланатын жерлердегі жасыл желектері бар аумақтарды күту жөніндегі бағдарламалар әкімшілері, заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ аумақтарында жасыл желек өсетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланушылар жыл сайын көктемгі және жазғы кезеңде жасыл желектерді зиянкестерден (жәндіктерден, паразиттік өсімдіктерден) және аурулардан сақтау үшін химиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану тәртібін сақтай отырып химиялық әдістермен және басқа да биологиялық дәрі-дәрмектермен химиялық және фитосанитариялық өңдеу жөніндегі шараларды ұйымдастырады және өткізеді.
      37. Осы Қағидалардың 36 тармағында көрсетілген тұлғалардың химиялық және фитосанитариялық өңдеулерді жүргізуі, жасыл желектерді қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруы алдын ала бекітілген шаралар жоспары бойынша жүргізіледі және аудандық, қалалық әкімдіктерге жүктеледі.
      38. Жалпы пайдаланатын жерлерде жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді және санитарлық қырқуды уәкілетті органның рұқсатын алдын ала ресімдеуі арқылы немесе сол жер учаскесінде қызмет көрсететін арнайы мамандандырылған мекеме, жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органның рұқсатын алдын ала ресімдеуі арқылы тәуелсіз, жүргізеді.
      39. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде, жасыл желекті қалпына келтіру белгіленген тәртіппен (көгалдандыру жобасы бойынша) тиісті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
      40. Ағаштың, оның бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын, ғимараттар мен үй-жайлардың, коммуникациялардың зақымдалуына, жол қозғалысы (оның ішінде жол жүру белгілерін жауып тұрса) қауіпсіздігінің бұзылуына алып келетін төтенше және апатты жағдайларда аталған жасыл желектерді кесу және санитарлық қырқу рұқсатты ресімдеусіз шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу немесе санитарлық қырқу деректері төтенше жағдайлар органдарының құтқарушы қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша уәкілетті органға хабарланады.
      41. Жолдың екі жағында тұрған қуат өткізгіш электр тораптарының күзеттік және санитарлық қорғау аймақтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "1000 В-қа дейінгі және 1000 В-дан артық электр тораптарын және жылу тораптарын қорғау ережелері туралы" 1997 жылғы 10 қазандағы N 1436 қаулысына сәйкес 10 метрден бастап 55 метрге дейінгі аралықты құрайды. Бұл аумақтарға электр жүйелерінің меншік иелері қызмет көрсетеді. Қорғалатын және санитарлық - қорғау аймақтары бойындағы жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз кесу, санитарлық қырқу, бөрік бастарды қалыптастыру, жасарту жұмыстары уәкілетті органның рұқсатынсыз, бірақ уәкілетті органына жалпы пайдаланатын аталған жер учаскесінде қызмет көрсететін мамандандырылған мекемені және көрсетілген аумақты күту жөніндегі бағдарламаның әкімшілері, ескерту арқылы (72 сағаттың ішінде жүргізілетін жұмыс түрлерінің кестесін ұсынып) желілері ведомстваға қарайтын мамандандырылған қызметтер жүргізеді. Бұл жағдайда жасалатын жұмыс түрлерін орындаудың технологиясы қатаң сақталуы қажет.
      42. Су ресурстарының (өзендер, су айдындары) жер үсті көздеріндегі су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін өзен арнасында, су айдындарында өскен жасыл желектерді кесу шұғыл түрде жүргізіледі. Кесу дерегі қалалар мен аудандардың төтенше жағдайлар органдары мен экологиялық қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, артынша 72 (жетпіс екі) сағаттың ішінде белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабарланады.
      43. Кесілген жасыл желек пен ұнталған қалдықтарды (үгінділер, бұтақтар, жапырақтар, қабық) жұмыс жүргізілген жерде жинау мен сақтауға жол берілмейді. Ағаштарды кесу, көлденең бөлу, ағаш қалдықтарды тасымалдау бойынша барлық жұмыстар техника қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкестікте жүргізілуге тиіс.
      44. Жасыл желектерді қайта отырғызу бойынша жұмыс жүргізілгеннен кейін тапсырыс беруші олардың одан әрі күтіп-ұсталуын қамтамасыз етеді.
      45. Көгалдандырылған аумақтарға осы Қағидалармен мыналарға жол берілмейді:
      1) автокөлік құралдарын жууға;
      2) автокөліктердің, құрылыс техникасы мен өзге техниканың, осы аумақты пайдалануға және жасыл желекті күтуге байланысты техниканы қоспағанда, өтуі мен тұруына;
      3) ағаштан шырын өндіруге, жазулар, оюлар салуға, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әртүрлі көрсеткіштерді, сымдарды орналастыруға және ағашқа ілмек пен шеге қағуға;
      4) ағаштар мен бұталардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтамай, жасыл желектер алып жатқан учаскелерге төбеден қар түсіруге;
      5) алау жағуға, түскен жапырақ пен құрғақ шөпті жағуға;
      6) тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтармен, ағынды сумен қоқыстауға және ластауға;
      7) жасыл желектерді зақымдауға немесе құртуға;
      8) мал жаюға;
      9) көкжелекке көлік құралдарын қоюға;
      10) әртүрлі жүктерді, оның ішінде құрылыс материалдарын жоюға.

5. Жасыл желектерді санитарлық кесу, қажетті амалсыз
кесу, сүңгегін тазалау, санитарлық қырқу, қайта
отырғызуға арналған рұқсаттарды беру талаптары

      46. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, сүңгегін тазалауға, санитарлық қырқуға, қайта отырғызуға рұқсатты ресімдеу үшін мынадай құжаттар тапсырылуға тиіс:
      1) заңды тұлғалар үшін:
      уәкілетті орган басшысының атына басшының толық аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және сұратылған жасыл желектің орны көрсетілген тапсырыс;
      өсіп тұрған жасыл желектердің тұқымдық және сандық құрамы, олардың жәй-күйі көрсетілген жер учаскесінің топографиялық түсірілімі (және егер құрылыс жүргізілетін жерде 10-нан артық ағаш өссе, жасыл желектерді түгендеу және олардың орман ауруларына бейімділігін зерттеу материалдарын);
      өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      2) желектер аралас аумақтарда өскен жағдайда жеке тұлғалар үшін:
      уәкілетті орган басшысының атына өтініш;
      өтемдік көгалдандыру бойынша көшеттерді отырғызуды аяқтау уақыты көрсетілген кепілдік хат;
      3) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет қаржысына жүргізілетін жасыл желектерді қайта отырғызуға, санитарлық кесуге рұқсаттарды ресімдеу үшін уәкілетті органға төмендегідей құжаттарды ұсынады:
      уәкілетті органның басшысының атына басшының аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны және жасыл желек орналасқан жерді көрсете отырып жазылған тапсырыс;
      көшеттерді отырғызуды аяқтаудың уақыты және кесу ұзындығы мен биіктігі көрсетілген, өтемдік көгалдандыру жөніндегі кепіл хат.
      47. Тапсырыс түскеннен кейін уәкілетті орган өтініш берушінің өкілі қатысуымен жер телімін зерттеуді жүзеге асырады және зерттеу актісін жасайды.
      48. Зерттеу актісі негізінде уәкілетті орган рұқсаттама немесе дәлелді түрде бас тартуды береді.
      Санитарлық шабуға, амалсыз кесу, сүңгілерін тазалауға, санитарлық кесуге, жасыл желектерді қайта отырғызуға арналған рұқсаттаманы беруден бас тарту осы Қағидаларда белгіленген құжаттарды тапсырмаған жағдайда беріледі.
      49. Жасыл желектерді санитарлық кесуге, амалсыз кесуге, қайта отырғызуға бөрікбастарын қалыптастыруға, сүңгектерін тазалауға рұқсат етілген қолданыстың мерзімі 1 жылды құрайды.

6. Жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау саласындағы
құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

      50. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларды бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексімен белгіленген жауапкершілікті артады.

  Қарағанды облысының елді
мекендеріндегі жасыл желектерді
күтіп ұстау және қорғау
Қағидаларына
1 қосымша
нысан

Жасыл желектерді зерттеу
АКТІСІ

      20 __ ж. "____" ____________
      Көше ________________________________________________________________
      Қала, аудан _________________________________________________________
      Біздер, төменде қол қоюшылар ________________________________________
      уәкілетті органның лауазымды тұлғасы ________________________________
       (лауазымы, А.Ж.Т, органның атауы)
      _____________________________________________________________________
      және тапсырыс берушінің өкілi
      _____________________________________________________________________
      түсетін жасыл желектерге зерттеу жүргіздi
      _____________________________________________________________________
      Нәтижесінде анықталды:


Жасыл желектердің тұқымдық құрамы
Кесілетін
Қайта отырғызу
Сақталады
Сапалық (нақты) жағдайы
Саны
диаметр
Саны
диаметр
Саны
диаметр
Жақсы
Қанағат
Қанағат емес
1
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
       Осы акт ______ дана болып жасалды.
       Ескертпе: Зерттеу актісі ағашты кесуге немесе отырғызуға мүмкіндік беретін құжат болып табылмайды.
       Тапсырыс берушінің өкілі алды __________________ А.Ж.Т.
       Уәкілетті органның лауазымды тұлғасы қолы А.Ж.Т.

  Қарағанды облысының елді
мекендеріндегі жасыл желектерді
күтіп ұстау және қорғау
Қағидаларына
2 қосымша
нысан

Жасыл желектерді кесуге, амалсыз кесуге,
қайта отырғызуға берілген
РҰҚСАТТАМА

      1. Кәсіпорынның атауы (тапсырыс беруші, өтініш беруші)
      2. Кәсіпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырыс беруші, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
      6. Жер учаскесінің меншік түрі (№, күні)
      7. Уәкілетті органның жасыл желектерді зерттеу актісi
      8. Жасыл желек қорын өтемдік қалпына келтіру жөніндегі міндеттеме (кепілдік хат)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отырып, зерттеу актісіне сәйкес жасыл желектерді санитарлық кесуді, амалсыз кесуді келіседі: ағаш-бұтақты жасыл желектердің нақты (сандық, сапалық) жағдайын, сондай-ақ қайта отырғызу жұмыстарын жүргізу мерзімі мен жұмыстардың аяқталатын күнін көрсету қажет.
      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау қажет:
      1. Жер асты және жер үсті коммуникацияларын қорғау нормаларымен ережелерін сақтай отырып, сәнді-бағалы жасыл желектерді отырғызу жолымен өтемдік қалпына келтіру бойынша шараларды жүргізу.
      2. Жасыл желектерді қорғау, күту мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
      3. Рұқсаттама күшінің мерзімі.
      4. Рұқсаттама беру мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырыс беруші жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
       Қосымша: ______________________
       Ескертпе: _____________________
       Уәкілетті органның басшысы А.Ж.Т.

  Қарағанды облысының елді
мекендеріндегі жасыл желектерді
күтіп ұстау және қорғау
Қағидаларына
3 қосымша
нысан

Жасыл желектердi пішіндемелік қырқуға (жасартуға),
санитарлық кесуге, сүңгегін тазалауға
РҰҚСАТТАМА

      1. Кәсіпорынның атауы (тапсырыс беруші, өтініш беруші)
      2. Кәсіпорынның басшысы (А.Ж.Т.) (тапсырыс беруші, өтініш беруші)
      3. Сұралған учаскенің мақсаты
      4. Орналасқан жерi
      5. Шараларды өткізу үшін негіздеме
      6. Жер учаскесінің меншік нысаны (№, күні)

ҚОРЫТЫНДЫ

      Уәкілетті орган (толық атауы) жасыл желектердің жәй-күйін ескере отыра, зерттеу актісіне сәйкес келіседі: жұмыс түрлерін (тұқымдық құрамын, желектер санын, диаметрін, өсетін жерін, сондай-ақ жұмыс жүргізу мерзімін көрсете отыра төмендегі жасыл желектерді түзеуді, пішіндемелік немесе санитарлық кесуді, сүңгегін тазалауды).
      Бұл жағдайда бірінші басшыға мына талаптарды орындау қажет:
      1. Жасыл желектерді күту, ұстау мен сақтау бойынша шаралардың толық кешенін жүргізу.
      2. Рұқсаттама күшінің мерзімі.
      3. Рұқсаттама беру мерзімі аяқталғаннан кейін, тапсырыс беруші жазбаша түрде атқарылған жұмыстар туралы есеп беруге тиіс.
       Ескертпе:____________
       Уәкілетті органның басшысы А.Ж.Т.

  Қарағанды облысының елді
мекендеріндегі жасыл желектерді
күтіп ұстау және қорғау
Қағидаларына
4 қосымша
нысан

20 ___ жылдың 1 қаңтарына дейінгi жасыл желектердің
тізілімi

      Жасыл желек нысандарының (учаскелерін) алаңының жер санаты, өсімдік түрлері және функционалдық мақсаты бойынша бөлу
      Кент, қала атауы
       Әкімшілік аудан: (код) ________________________________________
       Иесі: _________________________________________________________
      Жасыл желектер тізілімі

№ р/н, жасыл желек паспортының түгендеу №
Жердің функционалдық мақсаты, (жасыл желектер санаты)
Жіктемелік код
АҒАШ ӨСІМДІГІ
Жекелеген ағаштар, дана
Топтар, куртиналар, дана
Тоғайлар, алқаптар, дана
Бағытты көшеттер, дана
Барлығы:
дана
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      кестенің жалғасы

БҰТА ӨСІМДІКТЕРІ
Жекелеген, дана
Жасыл қоршау, кұма метр
Қатарлық отырғызулар, дана
Топтық отырғызулар, дана
Барлығы:
кұма метр дана
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      
      кестенің жалғасы

АШЫҚ КЕҢІСТІК
ГҮЛЗАРЛАР
Жаздық, дана
Көпжылдық, дана
Контейнерлік, дана
Вазон, дана
Альпинарий, рокарий, дана
Барлығы:
дана
 
 
 
 
 
 

      
      кестенің жалғасы

КӨКЖЕЛЕКТЕР
Партерлік, метр
Кәдімгі, метр
Топырақ беті жамылғысы, метр
Барлығы:
метр
 
 
 
 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады