Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын cыныптау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 49/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 шілдеде № 3911 болып тіркелді

      2001 жылғы 17 шiлдедегi "Автомобиль жолдары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. "Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын cыныптау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 28/08 қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Әбдібеков

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2016 жылғы "07" шілдедегі
№ 49/01 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын сыныптау қағидалары мен шарттары Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегi "Автомобиль жолдары туралы" Заңына сәйкес әзiрленген.
      2. Осы қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль жолы – автомобильдердiң және басқа да көлiк құралдарының белгiленген жылдамдықпен, жүктемелермен, габаритпен үздiксiз, қауiпсiз жүрiсiн қамтамасыз ететiн, автомобильдер жүрiсiне арналған инженерлiк құрылыстар кешенi, сондай-ақ осы кешендi орналастыру үшiн берiлген жер учаскелерi (көлiк жерлерi) және олардың үстiндегi белгiленген габарит шегiндегi әуе кеңiстiгi.

2. Сыныптау қағидалары мен шарттары

      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары өздерінің маңызы бойынша халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар болып бөлінеді:
      облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына республиканың әкімшілік орталықтарын облыс және аудан орталықтарымен, сондай-ақ аудан орталықтарын республикалық маңызы бар жолдармен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады;
      аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына аудан орталықтарын ауылдық елдi мекендермен жалғастырып жатқан автомобиль жолдары жатады.
      4. Автомобиль жолдары геометриялық параметрлерiне, сондай-ақ жол жүрiсiнiң жиiлiгiне қарай автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерге сәйкес жiктеледi.
      5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, шаруашылық автомобиль жолдары, елді мекендердің көшелері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға жатады. Есепке алу деректері автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша жарияланатын Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының карталары мен атластарын жасау үшін пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады