Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылын қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі N 68/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйекте N 85 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 18 қазанда N 3997 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, жергілікті қоғамдастық жиналысының 2016 жылғы 2 мамырдағы № 8 хаттамасы, Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 44/05 және Жаңаарқа ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/21 "Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылының атын өзгерту туралы" бірлескен қаулысы және шешімі, сондай-ақ, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 15 шілдедегі қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылдық округінің Ленино ауылы – Талдыбұлақ ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М. Әдекенов) жүктелсін.
      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағанды облысының әкімі Н. Әбдібеков
      Сессия төрағасы Ж. Штергер
      Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады