"Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 479 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы VI сессиясының № 139 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 4090 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 38 бабының 1) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидалары туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 ақпандағы XLII сессиясының № 479 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3707 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурыздағы № 53-54 (22 159) "Орталық Қазақстан" және № 35-36 (21980-21981) "Индустриальная Караганда" газеттерінде, "Әділет" аппараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 25 наурызыңда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысында ортақ су пайдаланудың қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "13. Облыстың жергілікті атқарушы органы облыс, соның ішінде Қарағанды облысының әкімшілік шекаралары шегінде Балқаш көлінің аумағында орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асырады.";
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті немесе кезектен тыс сессиясы барысында ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу бойынша тиісті шешім қабылдайды және оны үш жұмыс күні ішінде су пайдаланушыға жолдайды.";
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.";
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      "16-1. Су пайдаланушы Қарағанды облыстық мәслихатынаң оң шешім алғаннан кейін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салынатыны және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.".
      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту, аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш.А. Осин) жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Г. Прокоп
      Облыстық мәслихат хатшысы Р. Әбдікеров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады