Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 маусымдағы № 23/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 3863 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 28 сәіурдегі № 17/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қаласы әкімдігінің 28.04.2017 № 17/01 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю. Любарскаяға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Әубәкіров

  Қарағанды қаласы әкімдігінің
2016 жылғы "8" маусымдағы
№ 23/04 қаулысымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) кем емес

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

балабақша

11169

1722

10000

-

13047

17000

2

мектепке дейінгі шағын орталық

1846

-

10000

-

12965

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады