1. Жұмыс орындарының квотасыбелгіленсін:
1) Қарағанды қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 1% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.
2. Қарағанды қаласы әкімдігінің "Қарағанды қаласыазаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін 2016 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының орындалуын бақылау Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Ю.Любарскаяға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды қаласының әкімі | Н. Әубәкіров |
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "11" 11 № 48/02 қаулысына 1 қосымша |
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдардың тізімі
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "11" 11 № 48/02 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Қарағанды қаласы ұйымдардың тізімі
Қарағанды қаласы әкімдігінің 2016 жылғы "11" 11 № 48/02 қаулысына 3 қосымша |