Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жезқазған қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д. Ақылбековаға жүктелсін.
3.Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Б. Ахметов |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №04/21 қаулысына қосымша |