Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 04.04.2024 № 24/01 (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес бюджет қаражаттарын оңтайлы және тиімді жұмсау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің айқындылығын арттыру мақсатында Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сәтбаев қаласы әкімінің м.а. | А.А. Ыдырысов |
Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жыл "27" 05 № 17/10 қаулысына қосымша |
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Рет № | Атауы |
1 | Жұмыстар: |
1.1. | бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салу немесе салынғанын қайта құру |
1.2. | қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеу |
1.3. | бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа нысандар салуға және салынғанын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету |
1.4. | қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету |
2 | Қызметтер: |
2.1. | бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және қайта құру кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету |
2.2. | қалалық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету |