Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданының мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2670 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
1) көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2 тармағының 9 тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"9) өкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Мұсағалиев |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |
КЕЛІСІЛДІ:
"Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы |
З. Шакентаев |
2016 жылғы 14 наурыз