Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес және 2016 жылғы 31 тамыздағы № 06-2-2/61 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының ұсынысы негізінде Жидебай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сібір жарасы ауруының шығуына байланысты Жидебай ауылдық округінің Үшарал қыстағында орналасқан "Жеңіс" шаруа қожалығы аумағында карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М.Төлепбеков |