Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 32/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 сәуірде № 3763 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 53/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 21.05.2020 № 53/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Енбек кодексінің 139 бабының 9 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымындағы № 49/01 "Жаңаарқа ауданында азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2694 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 тамызында № 34 (9628) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 82/01 "Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымындағы "Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" № 49/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2828 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 желтоқсанында № 54 (9648) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған) қүші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Аудан мәслихатының
хатшысы
К. Имантусупов _____________

      4 сәуір 2016 жыл

  Жаңаарқа ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 6 сәуірдегі
№ 32/02 қаулысына
қосымша

Жаңаарқа ауданы аумағындағы азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша:

      1) бөлім меңгерушісі;

      2) кеңесші;

      3) әлеуметтік қызметкер;

      4) бухгалтер;

      5) жұмыспен қамту Орталығының директоры;

      6) жұмыспен қамту Орталығының маманы.

2. Білім беру саласы бойынша:

      1) басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) психолог;

      4) барлық мамандық бойынша оқытушылар;

      5) медбике;

      6) кіші медициналық қызметкер;

      7) тәлімгер;

      8) балабақша меңгерушісі;

      9) тәрбиеші;

      10) әдіскер-психолог;

      11) ән-күй маманы;

      12) көркемдік студия үйірмесінің жетекшісі;

      13) шаруашылық басқарушы;

      14) бухгалтер;

      15) әдіскер;

      16) заңгер-кеңесші;

      17) интернат меңгерушісі;

      18) экономист;

      19) тәрбиешінің көмекшісі;

      20) емдәм медбикесі;

      21) іс жүргізуші.

3. Мәдениет саласы бойынша:

      1) басшы;

      2) басшының орынбасары;

      3) басшының көмекшісі;

      4) көркемдік жетекші;

      5) сектор меңгерушісі;

      6) кітапханашы;

      7) әдіскер;

      8) библиограф;

      9) аймақтану бөлімінің редакторы;

      10) кітап қорын есепке алу маманы;

      11) дыбыс режиссеры;

      12) хореограф;

      13) музыкалық жетекші;

      14) концертмейстер;

      15) нұсқаушы;

      16) жастармен жұмыс бойынша маман;

      17) клуб меңгерушісі;

      18) оркестр жетекшісі;

      19) барлық түрлер шебері;

      20) шаруашылық бөлімінің басқарушысы;

      21) суретші;

      22) бухгалтер;

      23) экономист;

      24) кассир;

      25) билет контролеры;

      26) іс жүргізуші;

      27) кадр жөніндегі инспекторы;

      28) техник-электрик;

      29) дыбыс операторы;

      30) жарық операторы;

      31) заңгер-кеңесші.

4. Ветеринария саласы бойынша:

      1) ветеринариялық мал дәрігері;

      2) ветеринариялық фельдшер;

      3) бухгалтер;

      4) экономист.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады