Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы II сессиясының № 2/19 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 30 мамырда № 3831 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/119 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012 жылғы 25 ақпандағы №2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 16 (9489) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2012 жылы 29 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ереженің 18-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.";

      19-тармақ алынып тасталсын;

      20-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "20. Өтініш берушімен ұсынылған құжаттардың растығына (мәліметтерге) күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқығы бар. Тексеру актісі өтініш берушінің жеке ісіне тіркеледі.

      Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша уәкілетті орган өтініш берушінің жеке ісін қалыптастырады.

      Ақпараттың растығына күмән туындаған жағдайда уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратуға құқылы.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
II сессиясының төрағасы
Б. Бекежанова
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады