Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 01.03.2021 № 3/30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы №27/174 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2587 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуірдегі №17 (9611) "Жаңаарқа" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 30 мамырда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының:
7 тармақтың 2 тармақшасы алынып тасталсын;
9 тармақтың 2 тармақшасы алынып тасталсын;
27-2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"27-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 385 "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13773 болып тіркелген).".
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясының төрағасы |
Т. Мусаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | К. Имантусупов |