Қарқаралы ауданында 2017 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлерін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы Х сессиясының № VI-10/79 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қаңтарда № 4112 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы ауданында 2017 жылға арналған салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшерлері, осы шешімге қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Мубараков
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Нүркенов

  Аудандық мәслихаттың
2016 жылдың 22 желтоқсанындағы
№ ҮІ-10/79 шешіміне қосымша

Қарқаралы ауданында 2017 жылға арналған салық салу объектiсiнiң бiрлiгiне тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi

 
Салық салу объектiсiнiң атауы 
Айына тiркелген салық ставкаларының мөлшерлерi (айлық есептiк көрсеткiштер)
1.
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
5
2.
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
7
3.
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
7
5.
Карт
5
6.
Бильярд үстелі
3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады