2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № 35/06 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 шілдеде № 3914 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өз әрекетін тоқтатты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шет ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Шет ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 28/01 қаулысы жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шет ауданы әкімінің орынбасары А.А.Әбілдинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шет ауданының әкімі М. Жандаулетов

  Шет ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 07 шілдедегі
№ 35/06 қаулысымен
бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шағындардың орташа құны (теңге) кем емес

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік      

жеке меншік

мемлекеттік      

жеке меншік

мемлекеттік      

жеке меншік

3 жасқа дейін

3-тен 5 жасқа дейін

3 жасқа дейін

3-тен 5 жасқа дейін

3 жасқа дейін

3-тен 5 жасқа дейін

1

Балабақша

693

-

5501

5836

-

6500

7200

-

4250

5820

-

2

Мектепке дейінгі шағын орталық

204

-

918

1020

-

4500

5000

-

1080

1120

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады