Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 17/6 "Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 29/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 3958 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 17/6 "Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3861 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 шілдедегі № 26/462 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 18 тамыздағы
№ 29/1 қаулысына қосымша
Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 17/6 қаулысына қосымша

Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ат-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1.

Балабақша
460
23786
2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500
23786

2.

Мектепке дейінгі шағын орталық
160
15129
2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500
15129

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады