Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 48/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 18 қаңтарда № 4117 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 47/446 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 16.11.2017 № 47/446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімінің міндетін атқарушы Д. Сәденов

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 48/1 қаулысына қосымша

Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1.

Балабақша

460

23786

2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500

23786

2.

Мектепке дейінгі шағын орталық

160

15129

2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500

15129


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады