Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017-2018 жылдарға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 47/446 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 4462 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 11/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 18.03.2019 № 11/61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017-2018 жылдарға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 48/1 "Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4117 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 ақпандағы № 05/493 "Приозерский вестник" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 1 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Приозерск қаласының әкімі Қ. Камзин

  Приозерск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы "16" қарашадағы
№ 47/446 қаулысына қосымша

Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017-2018 жылдарға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы
ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері
(теңге)

Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны
(теңге)

Мемлекеттік

Мемлекеттік

Мемлекеттік

1.

Бөбекжай

502
 

2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500

28320
 

2.

Мектепке дейінгі шағын орталық

110

2-ден 3 жасқа дейін – 8500
3-тен 5 жасқа дейін – 9500
5-тен 7 жасқа дейін – 10500

24611


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады