Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қаулысын басшылыққа ала отырып, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2016 жылғы қаңтардан наурызға дейін 1999 жылы туған азаматтарды Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бiрiктiрiлген бөлiмiнің шақыру учаскесіне тiркеу ұйымдастырылсын.
2. Мекеме, кәсiпорын, ұйымдардың басшыларына, оқу орындары мен басқа қоғамдық салалардың директорларына әскерге шақыру жасына дейiнгiлерді медициналық тексеруден өту және құжаттарды жинау үшiн, шақыру қағаздарын алғанда жұмыстарынан, сабақтарынан босату ұсынылсын.
3. Приозерск қаласы әкімінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 7 "1998 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2825 болып тіркелген, "Приозерский вестник" газетінде 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 49/382, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 23 қаңтарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.
5. Осы шешiм ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.
Қала әкiмi | Қ. Камзин |
"КЕЛIСIЛДI"
Балқаш қаласының қорғаныс істері |
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы |
майор |
_________________Б.А. Алишев |
2015 жылғы "26" қазан