"Қызылорда облысы ветеринариялық бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 сәуірдегі № 425 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5467 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысы ветеринариялық бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 232 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5243 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      16-тармақтың 27) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "27) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және Қызылорда облысының әкімдігіне бекітуге ұсыну;";
      17- тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. "Қызылорда облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады