"Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 сәуірдегі № 428 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 сәуірде № 5468 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 19.05.2016 № 461 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5033 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 4 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120014, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 28.";
      16-тармақта:
      1), 2), 3), 4), 5), 6), 8) және 33) тармақшалары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;
      2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
      3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
      5) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;";
      "8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;";
      "33) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;";
      7), 9) және 31), 32) тармақшалары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      "33-1) құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қолданады;
      33-2) өз құзіреті шегінде азаматтардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;".
      2. "Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ғ.М. Әміреевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Ысқақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады