Қызылорда қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 418 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 16 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 сәуірде № 5484 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласының мына көшелері:
      1) Қармақшы көшесі "Әлімхан Науанов" есімімен;
      2) "Сәулет-24" көшесі "Әділбай Дәуітбаев" есімімен;
      3) "Сәулет-18" көшесі "Ағайынды Бозжановтар" есімімен;
      4) "Сәулет-10" көшесі "Ерденбек Ниетқалиев" есімімен;
      5) "Сәулет-23" көшесі "Сражадин Айтуаров" есімімен;
      6) "Сәулет-29" көшесі "Жұмабай Сарыбаев" есімімен;
      7) "Сәулет-26" көшесі "Қаржаубек Жарқымбеков" есімімен;
      8) "Сәулет-16" көшесі "Ағайынды Смағұловтар" есімімен;
      9) "Сәулет-15" көшесі "Нұрғали Оспанов" есімімен;
      10) "Сәулет-25" көшесі "Сәдуақас Қараманов" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының кезектен тыс
       2-сессиясының төрағасы
      _______________ Қ.Көшербаев ______________ Р.Ысқақова
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ Н.Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады