"2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 07 маусымдағы № 478 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 08 маусымда № 5531 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 303 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5316 тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылдың 28 қаңтарында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесiндегі:
      "Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімінің:
      реттік нөмірі төртінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

"

4

"Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауындағы газ тарату желілерінің құрылысы", "Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын жылумен жабдықтау" бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін мемлекеттік сараптамадан өткізу

4 326

";

      "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
      реттік нөмірі бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

"

1

Қызылорда қаласында Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде көше-жолдары желісінің құрылысы

212 911

";

      2) аталған қаулымен бекітілген конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобалардың Тiзбесiндегі:
      "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 1 бөлімінің:
      реттік нөмірі үшінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

"

3

Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру

1 491

";

      3) аталған қаулымен бекітілген "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2016 жылға арналған концессиялық жобаларды консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесіндегі:
      "Қызылорда облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі" 2 бөлімінің:
      реттік нөмірі екінші жолы жаңа редакцияда жазылсын:

"

2

Қызылорда облысының білім беру жүйесін жетілдіру

3 829

".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады