Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына және "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысының әкімдігі қаулысының жобасына келісім беру туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 24 шешіміне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 493 қаулысына Қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы әкімдігінің 17.10.2016 № 615 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімшілік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).
2. Мамандар: жаттықтырушылар, барлық мамандықтағы дәрігерлер, ат спорты түріндегі мал дәрігері, медициналық бике/аға, диеталық бике, барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы, психолог, хореограф.