1. "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 493 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5560 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2016 жылғы 21 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 615 қаулысына Қосымша |
|
Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 493 қаулысына Қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Мемлекеттік мекеме немесе қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (экономика, қаржы және әкімшілік шаруашылық жөніндегі басшының орынбасарларынан басқа).2. Мамандар: жаттықтырушылар, барлық мамандықтағы дәрігерлер, ат спорты түріндегі мал дәрігері, медициналық бике/аға, диеталық бике, барлық мамандықтағы мұғалімдер, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, әдіскер, нұсқаушы-спортшы, психолог, хореограф.