Қызылорда қаласының кейбір көшелерін атау және қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 625 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 26 қазандағы № 66 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 05 желтоқсанда № 5659 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда қаласының мына көшелері:
      1) "Сәулет-1" – "Ахмеджан Нұрекеев";
      2) "Сәулет-2" – "Сүлеймен Қалыбаев";
      3) "Сәулет-35" – "Секен Сүлейменов";
      4) "Саяхат-13" – "Әділбек Қайруллаев";
      5) "Саяхат-14" – "Шолпан Бәкірова" есімдерімен аталсын.
      2. Қызылорда қаласының мына көшелері:
      1) "Жиделі" – "Камал Шөкенов";
      2) "Малоэтажная" – "Қази Данабаев";
      3) "Алмалы" – "Садықбек Сапарбеков" есімдерімен қайта аталсын.
      3. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының Қызылорда облыстық
      әкімі мәслихатының кезектен тыс
       8-сессиясының төрағасы
      _______________ Қ. Көшербаев ______________ Қ.Бисенов
      Қызылорда облыстық
      мәслихатының хатшысы
      ____________ Н. Байқадамов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады