Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 24.04.2017 № 7657 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерiнде:
1) алынып тасталды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 06.02.2017 № 6989 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының әкімі | Н. Нәлібаев |