Арал қаласының көшелері мен тұйықтарын қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 249-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 51 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 желтоқсанда № 5660 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арал қаласының мына көшелері мен тұйықтары:
      1) "Советская" көшесі "Молдиман Елеуов" есімімен;
      2) "Красноармейская" көшесі "Жанғазы Жанаев" есімімен;
      3) "Приморская" көшесі "Омар Әбдуәлиев" есімімен;
      4) "Пролетар" көшесі "Әлсейіт Жұбаниязов" есімімен;
      5) "М.Громов" көшесі "Бержан Жайлыбаев" есімімен;
      6) "Н.Шверник" көшесі "Шамша Байғараев" есімімен;
      7) "40 жылдық Қазақстан" көшесі "Төлепберген Нұржанов" есімімен;
      8) "Хабаровск" көшесі "Алданазар Шоқпаров" есімімен;
      9) "А.Матросов" көшесі "Еңсеп Ізбасқанов" есімімен;
      10) "Алматы" тұйығы "Қойшыбай Балапанов" есімімен;
      11) "З.Космедемьянская" тұйығы "Балекеш Ермағамбетов"есімімен;
      12) "Ә. Молдағұлова" тұйығы "Әбдуәли Шалманов" есімімен;
      13) "Т. Әубәкіров" тұйығы "Нағметулла Балапанов" есімімен;
      14) "О.Жандосов" тұйығы "Смағұл Тәукеев" есімімен;
      15) "В.Комаров" тұйығы "Қарман Оразалиев" есімімен қайта аталсын.
      2. Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Арал ауданының әкімі М.Оразбаев
      Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс
оныншы сессиясының төрағасы
А.Садуақасова
      Арал аудандық мәслихатының хатшысы Д. Мадинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады