2016 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 қыркүйектегі № 320 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 5600 болып тіркелді. 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екі пайыз мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Б. Накиповқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі С. Мақашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады