Жалағаш ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 116 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 22 маусымда № 5541 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 ақпандағы № 27 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 20.02.2019 № 27 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Сауда қызметін реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Жалағаш ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш аудан әкімінің орынбасары Ө.Елеусіновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

  Жалағаш ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 31 мамырдағы
№ 116 қаулысына қосымша

Жалағаш ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 14.09.2017 № 191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

р/с

Елді мекеннің атауы

Орналасатын орны

1

2

3

1

Жалағаш кенті

“Нұраділ” кафесінің артқы ауласы

2

Жалағаш кенті

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Су ресурстары комитеті “Казсушар” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорының Қызылорда филиалы ғимаратының батыс жағы

3

Аламесек ауылдық округінің Есет батыр ауылы

Аламесек көшесі, “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы мұнарасының оң жағы

4

Еңбек ауылдық округінің Еңбек ауылы

Абай көшесі басының оң жағы

5

Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылы

“Ақбота” кафесінің артқы ауласы

6

Аққыр ауылдық округінің Аққыр ауылы

Ыдырыс Ақмырзаев көшесі, “Казпочта” Акционерлік қоғамы бөлімшесі ғимаратының жаны

7

Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылы

Қалмахан көшесі, “Әбілда ата” мешіттің сол жағы

8

М.Шәменов ауылдық округінің М.Шаменов ауылы

Бұқарбай батыр мен Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысының сол жағы

9

Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылы

Қалдан батыр көшесі басының сол жағы

10

Мақпалкөл ауылдық округінің Темірбек Жүргенов ауылы

Әбдікәрім Оңалбаев көшесі соңының оң жағы

11

Таң ауылдық округінің Таң ауылы

Орынбай жырау көшесі, Жалағаш аудандық білім бөлімнің “№ 118 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағы

12

Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылы

Бейбітшілік көшесі, “Казпочта” Акционерлік қоғамы бөлімшесі ғимаратының жаны

13

Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылы

Пірназар Қарақұлов пен Әбжәлел Қожабаев көшелерінің қиылысы

14

Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылы

Мәдениет көшесі, “Казпочта” Акционерлік қоғамы бөлімшесі ғимаратының сол жағы

15

Бұқарбай батыр ауылдық округінің Бұқарбай батыр ауылы

Бұқарбай батыр мен Абай Құнанбаев көшелерінің қиылысы

16

Жаңадария ауылдық округінің Жаңадария ауылы

Абай көшесі басының батыс жағы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады