Көшені қайта атау туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 23 қарашадағы N 21 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда N 5667 болып тіркелді

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 3 қорытындысына сәйкес Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округі Ақсу ауылындағы “Жаңақұрылыс” көшесі “Тоқтамұрат Қожағұлов” есімімен қайта аталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақсу ауылдық округінің әкімі Н. Мукашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады