"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға Жаңақорған ауданының аумағында тұратын, нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі | Р. Рустемов |
Жаңақорған ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы "11" ақпандағы № 325 қаулысына қосымша |
2016 жылға Жаңақорған ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
1. 50 жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.2. Отбасында бірде-бір жұмыс істемейтін тұлғалар.
3. Бір жылдан ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (12 ай және одан көп).
4. Техникалық және кәсіби білім беру орындарының түлектері.