2016 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 366 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 сәуірде № 5495 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 04 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тапсырыс берушілер үшін "Жаңақорған аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. "Жаңақорған аудандық құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі Р. Рустемов

  2016 жылғы "06" сәуірдегі
Жаңақорған ауданы әкімдігінің
№ 366 қаулысымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

№ р/р
 

Атауы

1.

Тауарлар:

1)

жиһаздар сатып алу (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген екі мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)

2.

Жұмыстар:

1)

Аудандық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы

3.

Көрсетілетін қызметтер:

1)

Лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген екі мыңнан бес мыңға дейінгі еселенген айлық есептік көрсеткіште болған жағдайда)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады