Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қыркүйектегі № 43 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 қазанда № 5615 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Кодексіне, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жаңақорған ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2016 жылға жұмыс орындары санының екі пайызы мөлшерiнде:
      1) мүгедектер үшін;
      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
      4) кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарыныңқамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылаужетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады