Сырдария ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 372 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 02 наурызда № 5380 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 414 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 414 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сырдария ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қағидалары бекітілсін.

      2. “Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы ” Сырдария аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 ақпандағы № 205 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 наурызда № 4610 болып тіркелді, “Тіршілік тынысы” газетінің 2014 жылғы 12 наурызда № 20 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен Аудандық мәслихаттың
      тыс L сессиясының төрағасы: хатшысы:
      Ш. Зетов____________ Б. Маншарипов_____________

  2016 жылғы "29" қаңтардағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
№ 372 шешімімен бекітілген

Сырдария ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қағидалары

      1. Осы Сырдария ауданы аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің Қағидалары “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.

1. Сырдария ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған арнайы орындар

      2. Сырдария ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі орындар белгіленсін:

      1) Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Бұхарбай батыр көшесі бойында орналасқан орталық саябақ;

      2) Сырдария ауданы Тереңөзек кенті Амангелді көшесі бойында орналасқан “Тағзым” алаңының оң жақ бөлігі.

      3. Сырдария ауданы аумағында бейбіт шерулер, демонстрациялар өткізу үшін келесі маршруттар белгіленсін:

      1) Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің 1 май көшесі (Амангелді көшесі мен 1 май көшесінің қиылысынан 1 май көшесінің соңына дейін);

      2) Сырдария ауданы Тереңөзек кентінің Ж.Құттыбаев көшесі (Амангелді көшесі мен Ж.Құттыбаев көшесінің қиылысынан Майжарма каналына дейін).

      4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.

2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібінің талаптары

      5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (әрі қарай – бұқаралық шара) өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын Сырдария ауданы әкімдігінің “ Сырдария ауданы әкімінің аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай - аудан әкімдігі)жазбаша нысанда беріледі.

      Өтініш берушіге өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.

      6. Өтініште бұқаралық шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі.

      Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі мүмкін.

      7. Өтініштің берілген мерзімі аудан әкімдігіне тіркелген күннен бастап есептеледі.

      8. Бұқаралық шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.

      Өкілдікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының Азаматтық заңнамасымен бекітілген тәртіппен жасалады.

      9. Аудан әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген бұқаралық шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      10. Аудан әкімдігі өзге тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға бұқаралық шараны өткізудің өзге уақыты мен орнын немесе көтерілген мәселелерді талқылауға, қарауға арналған балама алаңды ұсынады.

      Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен шағым жасауға болады.

      11. Бұқаралық шараны өткізу туралы өтініш беру барысында “Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 3-бабының талаптары бұзылған жағдайда, аудан әкімдігімен, жаңа өтініш беру арқылы жіберілген қателерді жою туралы ұсыныспен ресми жауап беріледі.

      Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.

      12. Егер бұқаралық шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа ережелерін бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, аудан әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады.

      13. Бұқаралық шараларды теміржол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқада энергия тасымалдаушы) және, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

      14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату жөніндегі шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету көрсетіледі.

      15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса, аудан әкімдігі бұқаралық шараны өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты, санкцияланбаған бұқаралық шараға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз бұқаралық шараға шақыру, шақырту орналастырған (орналастырылып жатқан)басқа да ресурстарға орналастыра алады.

      16. Аудан (қала) әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, бұқралық шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура келіп, алайда басқа бұқаралық шараның бағыты мен мақсатына сәйкес келмеген жағдайда, белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде түскен бұқаралық шараны өткізу туралы арыздардағы бұқаралық шараның өткізілу уақытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгерте алады.

      Аудан әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен бірнеше нұсқаны қамти алады.

      17. Бұқаралық шара өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, онда көрсетілген мерзімде, уақытта және шартты орындарда (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.

      18. Егер бұқаралық шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, бұқаралық шараны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін аудан әкімдігіне жүгінуі қажет.

      19. Бұқаралық шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдастырушыда айырмалық белгі болуы тиіс және өзі қатысып, бұқаралық шараның бекітілген тәртіпке сәйкес өткізілуіне толық жауапкершілікте болады.

      20. Бұқаралық шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен

      қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға тиіс.

      21. Бұқаралық шараны ұйымдастырушылар мен аудан әкімдігі төтенше жағдай орын алған жағдайда қоғамдық тәртіпті, медициналық қызмет көрсетуді, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және бұқаралық шараға қатысушыларды эвакуациялауға тиісті шаралар қабылдайды.

      22. Бұқаралық шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу, есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды пайдалануға тыйым салынады.

      Бұқаралық шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдаланған тұлғалардың бұқаралық шараға қатысуына жол бермеуі тиіс.

      Бұқаралық шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш заттар, улы, есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, адамдардың өміріне және денсаулығына қарсы, жеке және заңды тұлғаларға материалдық шығын келтіру үшін, тәртіпсіздікті арандату, митингіге кедергі келтіру және өзге де жағдайларда қолданылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге тыйым салынады.

      23. Бұқаралық шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуі тиіс.

      24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

      пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

      көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

      пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді айқайлап айтуға.

      25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке қатысушылар бір-бірінен 50 (елу) метрден кем емес қашықтықта орналасуы қажет.

      26. Бұқаралық шараның өткізілуі барысында ішкі істер огандары заңнамаға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу және жол бермеуді қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамада қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.

      27. Ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптары барлық азаматтарға, бұқаралық шараға қатысушы азаматтарға, лауазымды тұлғаларға, ұйымдармен бірлестіктерге міндетті болып табылады.

      28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады