Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 44 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 06 маусымда № 5528 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 2 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тереңөзек кентінің атауы жоқ көшесіне "Лекеров Зинадин" есімі берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімі аппаратының бас маманы Л. Смагуловаға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Тереңөзек кентінің әкімі Ж. Сыздықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады